30.05.2021
194
Бармағымнан бал ағып
Бармағымнан бал ағып,
Мәз болмаған күнім жоқ.
Бір байлығым — балалық,
Кеше болды,
Бүгін жоқ.
Бозай кездің мастығын
Білмейтұғын еркең жоқ.
Бір байлығым — жастығым,
Бүгін бар-ау,
Ертең жоқ.
Бақыт — арман, әрі үміт.
Үміт үшін нүкте жоқ.
Бір байлығың— кәрілік.
Ол біткесін,
Түк те жоқ!
байлық балалық жастық кәрілік Қадыр Мырза Әли Қадыр Мырза Әли шығармашылығы Қадыр Мырза Әли өлеңдері