30.05.2021
164
Бірте-бірте айқындалып әжімім
Бірте-бірте айқындалып әжімім,
Қажыдым-ау,
Қажыдым-ау,
Қажыдым.
Бұл өмірдің қуаныш та — көктемі,
Ә дегенше өте шығар жазы — мұң.
Ой-арманын жеткізем деп баршаның,
Шаршадым-ау,
Шаршадым-ау,
Шаршадым.
Бірақ менің піскен кезім осы кез,
Бірақ менің осы шағым — дер шағым.
Рас, рас!
Піскен кезім,
Дер шағым.
Бола алам ба ойға жомарт бір шалың?
Бола алам ба өлең-жырда маршалың?!
Шаршадым-ау,
Шаршадым-ау,
Шаршадым!