30.05.2021
  183


Автор: Қадыр Мырза Әли

Арасында жүруші едім гүл-гүлдің

Арасында жүруші едім гүл-гүлдің,
Өте шықты-ау зымыраған дүлдүл күн.
Ұйықтаушы едім әлдиінен анамның,
Оянушы ем әуенінен бұлбұлдың.
Не істеп қойдың!
Не істеп қойдың, өмір-ау?!
Жел аңсайды,
Көл аңсайды омырау.
Енді мені таблетка ұйықтатып,
Енді мені оятады қоңырау.





Пікір жазу