Құлыным
Құлыным болашақты ойласаң шын.
Ұл болшы ақылыма ой қосатын.
Мен сені адал нан мен асыраймын
Қанағат қыл қарның тоймаса тым.
Қиналғанға қол ұшын созамын деп
Адам болма айла ойлап,пайда асатын
Өз ұлтыңды сүйемдеп түрегеліп
Қуанамын бойыңда қан қайнаса шын.
Әке көріп оқ жонып жүрмесеңде
Адам бол Ат тұяғын тай басатын.
Бес асыл істерге ғашық болып
Әрекет қыл іс жаса ойға асатын
Бағы ашылар деген бар баталы ұлдың
Ақылына құлақ сал аталы ұлдың
Намысыңды биік қой әрқашанда
От жағары болсаң да Отаныңның
Қалма артында теңі бол қатарыңның
Шығатынын сезе біл батар күннің
Қиналғанда сабыр ғып төзімді бол
Сынағы деп қабыл ал ол Тәңірдің
Тамырыңды кеңге жай сен құлыным
Сынғанын қалар дейсің кім шыбығын
Үлкенге құрметіңді көрсете біл
Аллаға мәңгі болсын құлшылығың
Еңбек қыл жатпа босқа күні түні
Өмірдің бағындырсаң биік шыңын
Мен сенің көріп жүрсем жемісіңді
Сен менің ақтағаның үмітімді
Өмірді сүй өкінбе ойлан балам
Жөн емес тіршілікті ойланбаған
Бар жамандық істерден аулақ болып
Шықпасын деп тілеймін атың жаман
Өмірде өз жолыңды таба білші
Тілерім ұлым осы менің саған.