29.05.2021
323
Тойымсыздық
Тойымсыздық,
Уайымсыздық —
Қайғы анық.
Бірақ мұны ұға бермес бай халық.
Жинайды кеп,
Жинайды кеп,
Жинайды,
Соның бәрін кетеді жұрт қайда алып?!
Бар деп менің дәулет пенен бақта есем
Құдіреттің кең қалтасын қақпас ем.
Бір қап түгіл,
Алтын берсе бір дорба,
Соны да мен қоярға жер таппас ем!
Кешір мені!
Дәулет қуып шаппаймын.
Кейде осындай жыр жазам деп жақпаймын
Қайтем бәрін!
Алтын түгіл
Жанымның
Өзін кейде тығарға жер таппаймын!
тойымсыздық байлық алтын дәулет Қадыр Мырза Әли Қадыр Мырза Әли шығармашылығы Қадыр Мырза Әли өлеңдері