29.05.2021
167
Алғашқы емес
Алғашқы емес,
Емес және ақырғы,
Арман талай биігіне шақырды.
Ал мен болсам етегінде тірліктің
Есептедім қалған қара бақырды.
Алтын нұрға толтыратын сарайды
Ауып кетті жастық нұры арайлы.
Елемеуші ем тұлпарыңды,
Бүгінде
Есек маған шекесінен қарайды.
Өмір кейде тоқ көңілді арытты.
Өткір көзді ақша қарға қарытты.
Атыраудан әрлі-берлі өткенмен,
Аттау қиын жаңбыр күнгі арықты.
Кемшілік те,
Қателік те мол біздің.
Беті қатты қара суық тоң күздің...
Балғын қызды менсінбесең,
Әйелге
Зар боласың шешесіндей сол қыздың!