29.05.2021
243
Сын
Орнын басып сынып түскен уықтың,
Шаңырақты көтеруге туыппын.
Алдыменен
Байқауынан өткенмін
Далаға тән ыстық пенен суықтың.
Жалғасқанша шуағына көктемнің
Жеке бастан талай суық өткен күн.
Және жақсы тапсырғанмын
Еңбекте
Емтиханын күрек пенен кетпеннің.
Жарып талай қиындықтың жаңғағын,
Ешқашан да шаққан жоқпын жанға мұң.
Ең бастысы:
Өткенмін мен сүрінбей
Зор сынынан Орақ пенен Балғаның!