29.05.2021
  200


Автор: Қадыр Мырза Әли

Сенбілік

Құрыстаған қыр-дала
Қарын сілкіп тастады.
Сыпырғыш пен тырмалар
Сенбілігін бастады.
Күлімсіреп күн тұрды,
Нұрға бөлеп үйімді.
Жапырақтар былтырғы
Бір төбе боп үйілді.
Сайрап көктем құстары,
Мәз боп қалдық біз енді.
Шоқтығынан қысқарып,
Алма ағаштар күзелді.
Ақ қайың да, терек те
Бұтақтарын екшепті.
Тамызыққа керек деп,
Бөлек жидық шөпшекті.
Түптеп бұта-бұтаны,
Бөлдік істі тарауға.
Дымқыл қоқыс тұтанып,
Түтіндеді әр аула.
Сияқты бір ертегі
Сәуірдің бұл жоқ теңі.
Жатты солай өртеніп
Өткен жылдың көктемі.





Пікір жазу