29.05.2021
  335


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ақ әлем

Аспанында бұлт ауар
Аппақ дала, ақ тоғай.
Жаңа жауған ұлпа қар
Кіршігі жоқ мақтадай.
Қойған әлем әктеліп,
Аппақ нұрмен қапталып.
Бұтақ сайын ақ көбік,
Бұтақ сайын ақ мамық.
Ақ әлемді аймалап,
Барады ауып екінді.
Жапырақсыз алма бақ
Гүлдеп тұрған секілді.





Пікір жазу