29.05.2021
271
Әлем және дала
Қорғаймын деп кең байтақ атырапты,
Қырда талай ерттеген батыр атты.
Мен көрермін олардың көрмегенін:
Мен көрермін Везувий,
Ефратты.
Балалығым қып-қызыл қалды құмда.
Табу қиын енді оның қалдығын да.
Есті кезде аралап талай елді,
Көрермін мен Альпіні,
Андыны да!
Жиып-термей кемшілік,
Кінәратын,
Әлі талай арманды қуар атым.
Білем бірақ
Далаға жер жетпейді
Көкжиекке көзіңді суаратын!