29.05.2021
387
Өмір
Өмір! Өмір!
Бәрін ұқтым,
Ескердім.
Еркелетпей өсіргенді хош көрдің.
Аларыңды алдың менен ертерек,
Алайда сен береріңді кеш бердің.
Кесірі ме іші тардың, өштердің?!
Жетекшісі бола алмадым көштердің.
Мен ертерек тапқанменен жарымды,
Сәбиді де сағындырып кеш бердің.
Шынын айтсам
Шапаныңды шеш!— дер кім?!
Қызығын да кейін көрдім кештердің.
Мен ертерек тапқанменен жолымды,
Жол ақысын, өмір, біраз кеш бердің.
Тұсау болып күдік деген мыс шідер,
Ертегі айтып,
Ерте қайтты күш-жігер.
Рақатты кеш беріп ең,
Енді, Өмір,
Жіберетін пәлеңді де кеш жібер!