28.05.2021
  206


Автор: Қадыр Мырза Әли

Дүниенің тарлығы

Дүниенің тарлығы
Қорқытпайды мені шын.
Не істесем де,
Барлығы
Өзім үшін,
Ел үшін.
Атақ үшін демеймін,
Алайда одан қашпаймын.
Аузымды ашсам,
Көмейім
Көрінеді,
Ашпаймын.
Қылымсымай,
Бәлденбей
Жөн қараймын даңққа.
Тіріде — өзің,
Өлгенде —
Атың керек халыққа.
Сол баяғы салтымыз,
Нардың жүгі түспейді.
Өлген соң да
Даңқымыз
Елге қызмет істейді.





Пікір жазу