28.05.2021
279
О, өтірік
О, өтірік!
Сары алтын сақаң қайсы?
Сақам бар деп бекерге қоқаңдайсың.
Сен мықтысың,
Ол рас.
Бірақ, бірақ
Мен күзеткен жерден сен өте алмайсың.
Өтірікке төзбейді
Болашағым.
Алдау барда тумайды тамаша күн.
Бәрін іркіп,
Майданға бара жатқан
Составтардай
Шындыққа жол ашамын!