27.05.2021
  336


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ақтарылып айтайын ақ сырымды

Ақтарылып айтайын ақ сырымды,
Кетті ме анам ұмытып жақсы ырымды,
Баладай бір тұсауы кесілмеген
Бұл тірлікте, апыр-ай, көп сүріндім.
Сенгенменен азамат ісі ағына,
Түсіп қалар қулықтың тұзағына.
Сүрініппін
Аяқтың астындағы
Ылғи да бір өмірдің ұсағына.
Менде сондай кемістік бар, адамдар.
Бұзды талай қанымды қара қандар.
Аяғының астында не жатқанын
Қайдан білсін... алысқа қарағандар?!





Пікір жазу