26.05.2021
134
Қорқамын
Жүрген соң тірі, жер басып мына тірлікте,
Ұғамыз дағы есесі қандай "жоқ", "бардың"
Бір күдік бірақ, ұялап алған кеудемде
Өзгерген мына заманнан жаман қорқамын
Пікірі басқа, ойы да басқа баршаның
Өзімшіл болып кеткен бе? дейсің бар адам
Үн- түнсіз тыңда болса да алып- қосарың
Бөлініп кеткен жақыннан жаман қорқамын
Түнеріп кетер ұсқынын бұзып қарайып,
Бар болса сенде, ішінде қайнап от- жалын
Жоқ болсаң тығып, сөйлейтін сөзі азайып
Қызғаншақ болған адамнан жаман қорқамын
Өзімен- өзі жекелей өмір кешетін
Көрмейтін анық көңілін бұрып жан -жағын
Қиналса егер бір өзі ғана шешетін
Өз қамын жеген өзімшілдерден қорқамын
Есейіп өсіп баласы кеткен жыраққа
Келер деп күтіп, қарайтын жиі жолдарын
Көргенде сондай жетесіз өскен баланы
Далаға қашқан ұрпақтан жаман қорқамын