26.05.2021
183
Мақтаншақ дейміз кімдерді?
Ойы жүйрік, ісіне жоқ шамасы,
Ол бір жүрген ойсыз адам баласы
Жайнайды екен күшейтіп, қосып айтылған
Сөзіне қарай көзінің ақ пен қарасы
Ол орынды мақтану да білмейді
Өзінен бөлек басқаны көзге ілмейді
Өзінде бар, басқада жоғын білсе де
Асыра қосып, әдейі тырнап сөйлейді
Ол адам намыс таптауды ғана көздейді
Басқаның сөзін өзінше тілде өңдейді
Мақтанып сөйлеп тұрғаннан болар бар ойын
Басқадай арна, басқадай сөзге бөлмейді
Бар бақытын дамыл таппай жырлайды
Мақтанғаннан жер мен көкке сыймайды
Дәл осындай шын мақтаншақ адамды,
Дәл өзіндей ақымақтар тыңдайды.