26.05.2021
  183


Жанна Жұмабаева

Қарт ана

Кең екен аналардың құшағы да,
Тірліктің мәнін таптық құшағында
Өткеннің сәулесіндей шуақ шашып
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Сөз жетпес қоссақ та қанша жырға
Жүздері тасығандай толып нұрға
Көргенде бар жан дүниең рахаттанар
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Күш кетіп толған ба жүзі мұңға
Қалмапты-ау кешегі қуат бойда
Жалтақтап әр жанарға жәутеңдеген
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Дейді олар есейсе де "Балам қайда?"
Немере, шөберенің жайы ойда
Қимылы баяулаған қайран жандар
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Ақ түскен әлдеқашан шаштарына
Орамалы жарасады бастарына
Жанұяның киесі бола білген
Қарт АНА аман жүрші ортамызда

Талай ана жетпеді-ау осы шакка
Орындалмай арманы орта жолда
Е, алла тірілерге ғұмыр берші
АНАЛАР аман жүрсін ортамызда





Пікір жазу