26.05.2021
214
Жүлдегерлер
Жүлдегерлер
Жемісіндей әр істің
Жамбысына ие болып жарыстың,
Көк аспанда қартайып һәм жуасып
Мысық-түнге айналады барыс-күн.
Тәтті ұйқыда бөлінбейді ой мыңға.
Ұмытасың парыз барын мойныңда.
Тағы бірақ оянасың ертесін
Жирен сары жолбарыстың қойнында!