meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.05.2021
  241


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тозған дене көк теректей құлайды

Тозған дене көк теректей құлайды,
Демалысқа арнадым мен бұл айды.
Желдің жұмсақ алақаны
Жүйкені
Рақаттың майыменен сылайды.
Теңізге тарт мініп ал да кемеңді,
Судан артық көре алмадым мен емді.
Текеметтей қайта басып пысытқан
Тұзды толқын ширатады денемді.
Құла құмдар сенің емің мен дейді,
Құм астының қызыл шоғы сөнбейді.
Қытайларша инеменен емдейтін
Қырдың күні сәулесімен емдейді.
Шипа судай
Шөпілдетіп шөмішті,
Шарапаттың шарабынан кім ішті?!
Мен іштім-ау
Бәйек болып алдымда
Мейірімді медсестра — тыныштық!





Пікір жазу