26.05.2021
  165


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бір кездегі шаруаның құралдары

Бір кездегі шаруаның құралдары
Автоматты бүгінде,
Бұрандалы.
Құрыш етін құлақтың жегеннен соң
Көршіміздің гуілдек крандары;
Ортасынан кеткенде өмір ауып,
Қырдың гүлін аңсаған омырауы
Түз ұлына шаншудай қадалған соң
Тыз-тыз еткен электр қоңырауы;
Атқан кезде алаулы лала таңдар
Аттың жалын аңсай ма алақандар?
Жей берген соң жүйкені
Жиі-жиі
Шырылдаған шыжбақай телефондар;
Артқа тастап қаланың қуған үнін,
Ауылға біз барып ек тұрған інім,
Ұйықтай алмай қор болды тыныштықта
Аэродром түбінде туған ұлым!..





Пікір жазу