26.05.2021
  162


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қала менің тұғырымдай

Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Шопан ұлы,
Жылқышы ұлы,
Қайтесің —
Төрт түлікті тұра алмайды сағынбай.
Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Диқан ұлы,
Қырман ұлы —
Қайтесің!—
Көк егінді тұра алмайды сағынбай!
Қалада мен тындырсам да көп істі,
Ұмыта алман
Дала деген қонысты...
Минскіде ауласына —
Гүл екпей —
Бидай еккен
Түсінем мен Коласты!





Пікір жазу