26.05.2021
196
Білем, ыстық жас өмірдің құшағы
Білем, ыстық жас өмірдің құшағы,
Сол құшақтың жетер бізге күші әлі.
Сезіктенбе сәл ауырса бауырың,
Ол тас бауыр еместіктің нышаны.
Мәжнүннің махаббатын тілеп көр.
Бір түлесе ғашықтықтан түлепті ер.
Қорықпа сен қағады деп жүрегім,
Қатты ұрады Махаббатшыл жүректер.
Ажалына келмейді адам сенгісі,
Бәріне де төзу керек ер кісі.
Бас ауырса, шүкір де, дос, шүкір де —
Ол басыңның барлығының белгісі!