26.05.2021
  225


Автор: Қадыр Мырза Әли

Пенделік

Пенделік-ай, пенделік-ай, пенделік!
Он жыл бойы жатса сырқат емделіп,
Көтере алмай тұмауды да,
Дейміз-ау
Осы саулық саулық па екен мендегі!
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!
Баспанасыз жүрсе біреу сенделіп,
Жылаймыз-ау үш бөлмені қомсынып,
Пәтер емес — құжыра деп мендегі.
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!
Ағай анау сорлап жүрсе жеңге өліп...
Күйінеміз көтере алмай бір сөзін,
Әйел емес — айдаһар деп мендегі!
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!





Пікір жазу