25.05.2021
311
Сел жаңбыр
Қара жаңбыр қара селден аумай бір:
Төгіп-төгіп,
Төгіп-төгіп жауды-ай бір!
Сияқтанып қозықұйрық алаңы
Қолшатырлар қаптап кетті қаланы.
Жатыр ма бұлт ыстық күннен өш алып,
Жөңкиді арық толқындарға шашалып.
Шыққан адам жүзе ме, әлде кеше ме,
Өзен болып ағып берді көшелер.
Қайық болып, кеме болып баспана,
Көл бетінде қалқып тұрды астана.
Қарар емес бірақ қауіп-қатерге,
Машиналар кетті айналып катерге.
Бітпейтіндей концерттің бір бөлімі,
Бұлттың әлі жер сызады желіні!..
Мынауменен үйге қалай жетемін,
Суға малып тұр теректер етегін.
Қара жаңбыр қара селден аумай бір:
Төгіп-төгіп,
Тегіп-төгіп жауды-ай бір!