25.05.2021
  183


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - СЕН КИНОТЕАТРДАСЫҢ

Достым, сен кино көруді жақсы көресің бе? Кинотеатрда өзін өзі қалай ұстау керек екендігін білесің бе? Білмесең, осы сабақ саған арналады.


Киноны көбінде үйдегі теледидардан көресіңдер. Бірақ кейбір кезде бір жаңа фильмдерді сыныптас достарыңмен, кейде мұғалімдеріңмен бірге кинотеатрдан да көресіңдер ғой. Киноны үлкен экраннан көргенде ерекше әсерлі болады. Достарыңмен бірге кинотеатрға, музейге, парктерге бару сендердің достық қарым-қатынастарыңды бекітіп, бір бірлеріңді тереңірек тануға мүмкіндік туғызады. Солай емес пе!


Соныменен...


Кинотеатрда


Қазір балалар кинотеатрға барғанда әр түрлі тағамдар алып барады, шырындар, сусындар алып кіреді. Оны сықырлатып жеп отырғанда айналадағы отырғандарға едәуір жағымсыз әсері болады. Және қағаздарды, босаған сусын құтыларын отырған орындықтарының астына қалдырып кетеді. Досым, осы дұрыс па? Әрине, дұрыс емес. Кинотеатр да қоғамдық орын емес пе? Әр адам мәдениетті болуға тиіс.



  • Егер бас киімің артта отырған көрермендерге кедергі болса, алдын ала шешіп қою қажет. Бұл ережені ұлдар ғана емес, қыздар да солай істеулері


керек.


 



  • Егер басқа біреу бас киімін сен үшін шешіп қойса, рақмет айт.

  • Көріп отырған фильмді талқылап әңгімелеспе, көріп отырған адамдарға кедергі жасайсың. Көрермендер сенің талқылағаныңды есту үшін емес, кино көру үшін келгендерін ұмытпағаның дұрыс.

  • Кино басталған кезде ұялы телефонның даусын басып не өшіріп қойған дұрыс болады.

  • Егер сыртқа шығу керек болса, қасыңда отырған адамдардан кешірім сұрап, жылдам шығып кету қажет. Шыққан соң қайта кіріп мазаламаған дұрыс.


Бұл ережелерді театрға барғанда да, концерт залдарында да ұстанған артық болмайды.


 


Тамшы сөздер:



  • Қайдан, қай жерден үйренемін деме, көрген киноңнан да, сөйлескен адамнан да, болған оқиғадан да өзіңе бір тағылым боларлық нәрсе алуға тырыс.

  • «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығы бар, соны есіңе сақта.

  • Көрген – көрген жеріңде қалса, естіген – естіген жеріңде қалса, саған да, қоғамға да пайдасы жоқ болғаны.





Пікір жазу