Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
25.05.2021
204
УӘДЕДЕ ТҰРҒАН АДАМДЫ БӘРІ СЫЙЛАЙДЫ - Жақсы мінез сабақтары
– Досым, бүгін саған кешігіп жеттім. Кешір, оның бір сыры бар. Мен бір танысымнан қарызға ақша алған едім, соны апарып бердім. Уәде берген соң, сол уәдеңде тұрған нағыз азаматтық емес пе?
Сонымен біз бүгін қарыз алу мен қарыз беру туралы мәселені қарастырамыз.
Өмір болған соң адамдар қаражаттың жетіспеуіне байланысты бір бірлерінен қарыз алып, қарыз беріп жатады. Егер сен қарыз алсаң...
- Қарыз алған күнді, қанша алғаныңды, кімнен алғаныңды, қашан қайтаратыныңды жазып қой.
- Қарызды беретін уақытыңнан бұрын берсең, өте жақсы. Егер бере алмайтын болсаң, қарыз берген адамға алдын-ала айтуға тиістісің. Себебі ол адам да ақшасын жоспарлап отырады.
- Қарыз алғаныңды ата-анаңнан жасырма, жасыру қылмыс жасағанмен бірдей.
- Егер саған қарыз берген адам дәптеріне, қалта кітапшасына саған қанша ақша беріп жатқанын жазып қойса, ренжіме. Бірақ ақшаны қайтарған кезде жазуды өшіруді сұрасаң, айып емес.
Достым, егер біреуге сен қарыз берсең...
- Егер аз ақша болса, жеке беруге болады, егер көп ақша болса куәлікке үшінші адамның болғаны дұрыс.
- Берген кезде қай кезде қайтаратынын алушы айтпаса, өзің ескертіп айтқаның дұрыс. Егер оған келіспесе, бермеуге болады.
- Ақшаны сенімсіз, танымайтын адамға беруге болмайды.
- Сұрап келгенде бере салмай, бір айналып келуін сұра. Ол кезге дейін ойланып, не болмаса ақылдасатын адамдармен ақылдасып аласың.
Қамшы сөздер:
- Қарызды міндетті түрде қайтару керек. Оның жазасы ауыр болады.
- Қарызды алғанда қандай қуансаң, қайтаруда да солай қуан.
- Алғанда алдыңа түсіп, берерде қашып жүретін адамдардың ұяты аз.
- Қарыз алмауға тырыс. Алсаң қайтарып бер.
- Уәдеге берік адам – сенімді дос.