25.05.2021
  635


Автор: Гүлтас Құрманбай

ЖЕҢГЕ ТІЛЕГІ (үйлену тойға)

Бақытты бол, шырайлым, бақытты бол,


Ақ босағаң аттаған құтты болсын!


Ізетіңе, пейіліңе, ақылыңа, жан қалқам,


Барған еліңнің көңілі толсын!


 


Жар болып, ана болып, әже атанғың,


Бар жаннан жүрген сайын бата алғың.


Екі елдің ақ көпірі өзің болып,


Барған еліңнің Бақ Келіні атанғың!





Пікір жазу