25.05.2021
  625


Автор: Гүлтас Құрманбай

БАУЫР ТІЛЕГІ (үйлену тойға)

Балалығымды, қателігімді кешірген,


Еркелетіп, киіндірген өзің ең.


Сен жүргенде салтанатым келісіп,


Мақтанышпен бас көтеріп жүруші ем.


Бақытыңды басқа үйден таптың ба,


Күлімдейсің, бақыттысың, білсем мен.


Жездем сені ардақтасын, сақтасын,


Жаңа тапқан ата-енең мәз болып,


Ел жұртына бір өзіңді мақтасын.


Соны есітіп бауыр көңіл шаттансын!


Бақытты бол, бақытты бол, әпкешім!!!





Пікір жазу