25.05.2021
  979


Автор: Гүлтас Құрманбай

АҒА ТІЛЕГІ (қарындасына үйлену тойға)

Қарындас деген халқымдай қастерлі екен,


Өзі – бауыр, өзі – отан, өзі – тілек, өзі – көз.


Қарындасым ... қамқоршым... тілекшім- ау,


Уақыт деген патша екен... айтатын сөз.


 


Сен барда алаң болмай анам асқа,


Сен барда көңіл басқа, үй де басқа.


Күн болып шуақ шашып жүргеніңді


Сағынып жүрер болдық, амал қанша?


 


Жылуым алыс кеткендей жат жұртқа, жаным,


Қабырға тұстан сезілді бос қалған орның.


Қимағанменен өзіңді болмайды екен


Бұл -дағы берік ұстанған өмірдің заңы.


 


Ашылсын бағың, ақ құсым, ұядан ұшқан,


Тауып та бердің біздерге жаңа бір туысқан.


Қарындасым-ау, қимасым, бірге туғаным,


 


Аға – қарындас дегеннің мәнін ұқтырған.


Разымын саған, разымын саған, қарындасым...





Пікір жазу