25.05.2021
  428


Автор: Гүлтас Құрманбай

Ана тілегі (үйлену тойға)

Қызым, бақытыңды тауып, өз жұртыңа барасың,


Өзге елге, жаным-ау, адалдығыңмен жағасың.


Ата-енеңді құрметте, жат көрмегің, құлыным,


Бақытыңды баянды сонда ғана табасың.


 


Азаматыңды ардақтап, сыйлай да білгің, құлыным,


Ерің – сенің тірегің, сүйенішің, жүрегің.


Бақыт атты сарайда бір тыныстап, бір жүріп,


Ұрпақтарың көп болсын, Жаратқаннан тіледім.


 





Пікір жазу