25.05.2021
401
ӘКЕ ТІЛЕГІ (үйлену тойға)
Ерке қызым, қызғалдағым – Әйгерім,
Ата анаңның ізгі арманы – Әйгерім.
Бақытты бол, қосағыңмен, құлыным,
Айдай сұлу, ақ перзентім – Әйгерім.
Барғаң жерің бағың болсын, Әйгерім,
Ата енең: «жаным» десін, Әйгерім.
Шуағыңды мейіріміңмен төге біл,
Сүйген жарың Пірің болсын Әйгерім!
Ақ батамды бердім, қызым, Әйгерім,
Көгеріңдер, көп болыңдар, бұл – сенім.
Берсін Алла тілегімді ең ізгі
Сонда ғана бақыттымын дер едім!
Гүлтас Құрманбай өлеңдері Гүлтас Құрманбай шығармашылығы жастарға тілек екі жасқа тілек үйлену тойға тілек