25.05.2021
  295


Автор: Қадыр Мырза Әли

Наубай

Наубай жұмыс істейді
Жатқаныңда ұйықтап.
Ақ қалпағы түспейді
Баса киген миықтап.
Жабылмайды қабағы,
Жабықпайды ауырға.
Көп қып күлше жабады
Көкнәр сеуіп қамырға.
Көңіл ашып, той жасап,
Күтушіге мейманды
Арасына жүзім сап,
Пісіреді кей нанды.
Көрсең жұмыс үстінде,
Қашанда ол бабында.
Көңіліндей
Піскенде
Көтерілер наны да!





Пікір жазу