25.05.2021
  270


Автор: Қадыр Мырза Әли

Үй қалаушы

Қалаушының, байқасаң,
Тым биікте тұғыры.
Соған түсер әр қашан
Ең алдымен күн нұры.
Өзгелердің бас қамын
Өз қамына ол балайды.
Үймен бірге
Басқасың
Қуанышын қалайды.
Жұмыс қызған шақтарда
Желмен шашын тарайды.
Іске қыры жоқтарға
Төбесінен қарайды.
Түскі асын күндегі
Түу биікте ішеді.
Күннен күнге
Еңбегі
Жоғарлата түседі.





Пікір жазу