24.05.2021
  752


Автор: Момбек Әбдәкімұлы

ҚАРАМАН ҚАРАҚШЫ

       Қарамаиды халық шарты түрде «Қарақшы» деп атағанымен, оның атқарған істері тасадан оқ атып, ауыл тентегінен ұзай алмйтын кейбір бұзықтардың қылықтарына мүлдем ұқсамайтын, тек қанішерлер мен баскесерлер ортасында әділдік орнатам деп күреске түскен, ісәрекеті кең ауқымды қамтыған қаһарман болған.
       Жамандыққа жаны қас Қараман, өмір бойы тек кедей мен шаруаға, кембағал мен жетім-жесірге зәбір көрсетушілермен күрескен. Ташкенттегі адам жегіш жөйіттермен алысып, оларды қиратып тастаған. Кеңес өкіметі орнаған кезде бейбіт елді басынып, зәре-иманын ұшырған Өзбекстан, Тәжікстан тауларын-дағы қаскөй басмашылармен алысады. Байлар мен саудагерлердің дүние-мүліктерін тартып алып, кедей-кепшікке таратып береді. Бірақ өзінің кейбір кереғар істері мен жеке көзқарасы үшін кеңес өкіметінің түрмелерінде бірнеше мәрте отыруына тура келеді.
       Қараманның он бес жасынан қырық бес жасына дейінгі ғұмыры «тастөсеніп, күз жастанып» дегендей, аласапыранмен өткен. Қолдарыңыздағы кіташа осылар туралы жан-жақты баяндалады. Мұны зердемен оқыған жан, оның өкімет тарапынан батыр деп мойындалмағанымен, күллі Қазақстан һәм Орта Азия халықтарының сүйікті қаһарманы, әрі оларға өте жағымды тұлға болғанын аң-ғарады. Оның қазақ халқы үшін атқарған істері ағылшындың Робин Гудтың әрекеттерінен де асып түседі. Сондықтан да көпшілік ұғымында ол қайталанбас тұлға, сондай-ақ халық қаһарманы. Қалай десек те, Қараман күрделі тұлға. Оның істері жастарымыздың ұлттың жігерін жандандыруға, әділетсіздіктің жолында аянбай күресуге үлгі болары хақ.
       Қараманның үнемі биікті аңсайтын қыран жүрегі мен ылғи жеңісті мақсат тұтқан өр кеудесінің сыры осы кітапта жақсы ашылып, әдемі сипатталған.





Пікір жазу