24.05.2021
  204


Автор: Гүлнар Салықбай

Өмірім жұрт білмейтін ән сияқты...

Өмірім жұрт білмейтін ән сияқты –
Ешқашан айта алмайтын.
Жақсының бір күлгені таң сияқты –
Көзсізге байқалмайтын.
Реніш айнадағы шаң сияқты
Бетіңді жауып тұрған.
Жүрегім кеудемдегі хан сияқты –
Кей кезде жалықтырған.
Өлеңім қып-қызыл бір қан сияқты
Жанымнан тамып тұрған...





Пікір жазу