24.05.2021
  143


Автор: Азия Мағыпер

Жыр және мен

тірлік жолым жыр жолыма қосылып,


белестердің белін келем опырып.


толайым жұрыт бір ескерте кетерім,


жір-деген жыр, мен деген мен,осыны ұқ.


 


Тірлік пе асыл, мен бе асыл,жыр ма асыл,


бұл туралы шешілмеген сыр жатыр.


тірлігіме табынатын талайың,


жырымды оқып жаратпауың мұнда тұр.


 


Жыр жолының тілі тәтті, сөзі анық,


менің жолым бұлыңғыр жол бозамық.


жырларыма сұйіінетін талайың,


мені көрсең жаратпайсың ол анық.


 


Жырды түсін, мейлі мені тұсінбе,


құдыреті тілдің тылсым кұшінде,


жыр жасайды жылдардан да көп ғұмыр,


мен жасаймын қысқа ғұмыр ішінде.


 


Жыр қанатын жырақтарға қағады,


мені іздеген жыр маңынан табады.


кейде жырым он сегіздей албырыт боп,


кейде алпыстай байсалданып қалады.


 


Жыр емеспін жырға құмар нар тәнім,


жырмен бірге жырақтайды қанша мұң.


жылта алуға құдыретім жетпейді-ау,


жырдай сіңіп көкірегіне баршаның.


 


жырларымда сағыныш бар,арман бар,


жырларымда толғаныс бар,талғам бар.


жырларымда махаббат бар,қарғыс бар,


мені жыр деп шатастырып алмаңдар.





Пікір жазу