24.05.2021
  203


Автор: Азия Мағыпер

Сол мен едім, мен едім 

Құмдауыт жерде ержеткен, 


тобылғы өңді бойжеткен. 


тораңғы теріп жұретін, 


тобықтан төмен көйлекпен. 


 


Төбесі төбел құмдардың, 


белгісі Сақ пен Ғұндардың. 


әжесі айтқан әңгіме , 


кәдесі еді жылдардың. 


 


Құланның ізін қуалап, 


қуанад көрсе дуадақ. 


жыланның жымы кезіксе, 


жылыстайтғыұн жылап ап. 


 


Жабайы өрік теретін, 


жеңімен тосып жел отын. 


тұйе іздеп жұрген жігітке, 


тұйткілсіп жауап беретін. 


 


Сексеуіл дейтін серіні, 


сезімнің етіп серігі. 


сақтады отын өшірмей, 


махаббатының ең ұлы. 


 


құс әнін естіп қиырдан, 


қашатын қара құйыннан. 


ағатын жас боп қиыршық , 


көздеріне құйылған. 


 


Сол мен едім, мен едім, 


қағыр жердің шөбі едім. 


туған жерімінің киесі , 


бораса құмдай өлеңім. 





Пікір жазу