23.05.2021
  208


Автор: Аймақ Әбілда

Тентек

Тентегім-ау,
Келіп қалған қалаға ерке елік-ау.
Бал бұлақтың суындай сыңғырлаған,
Таусылмайтын бір күйді шертемін-ау.

Тентегім-ау,
Күйіп-жанып сен мені өртедің-ау,
Өзің сыймай өзіңе лапылдадың,
Кездеспейтін өмірде ертегім-ау.

Болмысы да, бітімі бөтен-белек,
Көңіліме көгершін мекендемек.
Кездеспеген қырық жыл қуаныштан,
Қорықтым-ау шашылып кетем бе деп.

Отырушы ем әшейін қалғып атта,
Ер салайын жаңадан арғымаққа.
Жүдеп-жадап шаң басқан жүрегімді
Шайп алшы, қарағым, Шарбұлаққа.





Пікір жазу