21.05.2021
214

Таң
Күншығыстан нұр алып,
Қалғып-мүлгіп жатты ну.
Жусан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығу.
Қырат-жота жондарын
Күнге төсей қалыпты.
Шөп те беті-қолдарын
Шыққа жуып алыпты.
Көбелек жүр әуреде:
Қонып жидек, мойылға.
Күннің қызы — сәуле де
Кірісіпті ойынға...