21.05.2021
  323


Автор: Қадыр Мырза Әли

Байлаулы лақ, бос ешкі

Салп-салп етіп құлағы,
Байлаусыз жүр енесі.
Бірақ, бірақ лағы
Арқандаулы,
О несі?!
— Енесінің басына
Салып жіпті ондайда,
Ал лағын қасына
Бос жіберсе болмай ма?
— Бостандықта кей бала
Ұмытады анасын.
Қиын кезде бір ана
Тастамайды баласын!—
Бір тебініп биесін,
Деді атам Есберген,—
Сірә, ешкінің иесі
Міне осыны ескерген!





Пікір жазу