21.05.2021
333
Шабан ат — жаман ат
Бар қыршаңқы шабан ат,
Болмас одан жаман ат!
Кімдер оны жегеді,
Сол азабын шегеді.
Қамшы да оған батпайды,
Аттайды да тоқтайды.
Арпа бидай жегізген
Артық емес өгізден.
Сөз естісе «р»ы бар,
Тұрып алар сыры бар.