21.05.2021
  359


Автор: Ержанқызы Назерке

Әсем қала - Нұрсұлтан!

Жайнап, жайлап кең қазақтың даласын,
Әлдилеуде бұл Нұрсұлтан болашақтың баласын.
Әсемдікпен көз тартатын кереметтей сәулетін,
Көргеніңде бір қуанып, бір марқайып қаласың.
Жасыл желек жайқалған жұмақ десем сенерсің,
Бұл Нұрсұлтан әр қазаққа мәңгілік бақ-көгершін.
Бәйтеректей үстем болып еліміздің еңсесі,
Жастарымыз Нұрсұлтандай, жас қаладай көгерсін.
Бақ боп қонған басымызға астанамыз қашан да,
Бейбітшілік қаласы боп, бар алашты тербетсін!





Пікір жазу