19.05.2021
424
Апталық есеп
Көретұғын түгі де жоқ сағаттан,
Дүйсенбіде кешіктің бір сабақтан.
Кен байлығын білмедің де Оралдың,
Сейсенбіде сүмірейген «бір» алдың.
Сені қалай олақсың деп тәрк етпен,
Сәрсенбіде сия төктің паркетке.
Күні бойы жөнін таппай бір істің,
Бейсенбіде досыңменен ұрыстың.
Садақ атып, қададың да оғыңды,
Жұма күні жарып алдың добыңды.
Орта жолда ойнап едің алаңсыз,
Сенбі күні қайттың үйге қаламсыз,
Өзің айтшы: дұрыс па бұл, бұрыс па?
Жексенбіде тұрдың ұзақ бұрышта!