19.05.2021
  364


Автор: Қадыр Мырза Әли

Үш күндікті бір күнде

Шынын айтам:
Шарбақты
Қосып дуал, албармен,
Сырлап едім үш күндей,
Сырлап едім жандәрмен
Бір күнде оны балалар
«Сүртіп» шықты шалбармен.





Пікір жазу