19.05.2021
192

Шатақ
Асан,
Хасан
Сүзісіп,
Аяқ асты керісті.
Өңештерін созысып,
Өре түре келісті.
Жейделерін жыртысып,
Жағаласа бастады.
Тамған терді сүртісіп,
Түкірісіп тастады.
Еріндерін жымырып,
Ерегісіп тұрысты.
Қардай жауды жұдырық
Қойғыласты, ұрысты.
Әлем-жәлем беттері,
Әлі жатыр таласып...
Алысып жүр иттері
Ауыздарын жаласып.