19.05.2021
191
Мылжың
— Аяғыма ат тепкен,
Дәрі алмақ ем әптектен.
Айтшы, балам, ол қайда?
Жақын ба?
Әлде шалғай ма?
— Ат тепті ме?
Әттеген!..
Сонау бір үй әктеген —
Жарық жылы баспана,
Ол бірақта асхана!
Содан соңғы ұзын үй,
Ғалмат үй, қызық үй.
Сылағы тұр қолдырап,
Мектебіміз ол бірақ.
Содан соңғы ағаш үй,
Әдемі үй, тамаша үй.
Ол кәдімгі почта,
Біз тұрамыз сол тұста.
— Балам, көп сөз боп кетті
Көрсетсеңші әптекті?!
— Әптекті ме?
Әптекті
Басқа жаққа ап кетті!
— Қайда жаңа қонысы?
— Біле алмадым онысын!