19.05.2021
533

Тоңазытқыш
Ыссыда ет біткенің базданатын —
Өзінің жоғалтатын жазған атын.
Қасық та жүзіп беріп майға тыққан,
Қалатын сүт дегенің шәй қатықтан.
Білмедім қымыз бенен шұбатыңды,
Шыртылдап айран ашып шығатын-ды.
Дейтұғын Тоңазытқыш мықты туып,
Тамақты өз ішіне тықты қуып.
Енді олар қойып еру, балқығанды,
Амалсыз бола қалды салқын қанды.