19.05.2021
  221


Автор: Қадыр Мырза Әли

Құпия

Балалар,
Құпия білем мен,
Жасырып жүретін кілең де.
Қазына емес ол көмілген
Тереңге,
Оралып кілемге.
Емес ол үңгір де,
Апан да
Тірі жан бас сұғып көрмеген.
Емес ол шөлейт те,
Жапан да
Самұрық жете алмай терлеген.
Қаншама жыл санап,
Ай санап,
Жатыпты сарғаймай,
Солмай ол.
Не екенін айтпаймын,
Айтсам-ақ,
Қалмай ма құпия болмай ол?!





Пікір жазу