19.05.2021
248
Сабын жыры
Сабынмын,
Сабынмын,
Тазаға табындым.
Адамның еңбекқор
Қолына бағындым.
Сабынмын,
Сабынмын,
Жастық тыс,
Жабындың
Кірлесе,
Ақ көбік
Болып мен сабылдым.
Сабынмын,
Сабынмын,
Досың боп танылдым.
Кірменен күресте
Қасыңнан табылдым!