meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  240


Автор: Қадыр Мырза Әли

Шылым жыры

Шылыммын,
Шылыммын,
Сөзі рас ғылымның:
Сорымын жүректің,
Жүйкенің,
Жұлынның.
Шылыммын,
Шылыммын,
Бос кеткен пұлыңмын.
Шексең — патшаңмын,
Шекпесең — құлыңмын!





Пікір жазу